Әя, алайда Шәкәрім де, Зеңгі баба да, Бифатима да, Домалақ ана да халық аузында қалған, cөздік мұрада келген. Сопы үшін кім қымбат Зеңгі баба ма әлде тариқат бастамасы Накшбанди ме? Әлбетте Накшбанди пірі қымбат. Сүйіктісі де, жақыны да сол. Алайда қай ауызға тәтті бұл есім. Қай сөз мұрада түртілген бұл тұлға?
Әр сопылық орден өзін нақты тура деп санайды, өз муршидін нағыз муршид деп ойлайды. Сонда маған қайсын тандамаққа? Накшбанди, Шазали, Тиджани, Қадари, Деобанди және т.б.? Оны таңдасам қандай вирд алмасқа?
Жарайды мен таңдадым делік, қазекеңе қандай кеңес бересіз? Нені ұстаналық, немен жүрелік?
Әрине Яссауидің жерге қамалуы өз шаруасы. Алайда жердің астында қандай ақиқат болмаққа? Бұған сахабилер өмірінен қандай дәлел, оған дейін қай мұсылман адам баласы, ғұламасы Яссауи сияқты ақиқат іздену жолы деп тапқан жердін астын? Әлде жердің қойнауында өлілерден уахи келе ме ол кісіге?
Әр адам баласынын әйелі, бала шағасы, қоғамы, елі алдында парызы бар емес пе? Оны қалай өтемекке? Тіпті көршінің қабағында да Алланың ризашылығы. Егер "Ағайынды" фильмін көрген болсаң ағаның аузынан тамған-ды бұл дана сөз. Сондықтан бұлай істеген адам қалай дана болмақ, қалай үлгі жолын көрсетпек?
Шайбанилік дегенім бұл кісінің қалам мұрасы көбінесе сол әулеттікі. Абайдың даналығы көп адамға үлгі, бірақ та бұл тіке қазақ мұрасы ғой. Жарайды бұл мәселенің аузы тасып тұрған жоқ. әрмен қарай өте берелік өкпе болмаса...
Ибн Таймиә тұрмақ, пайғамбарымыздың өзі арап. Сөздің артынан қуалаймын деп мәнісін жоғалтып алма, Мақсат бауырым.
"/Біз болсақ жүрейік тәңіршілдікке салынып, пұт пен тасқа табынып./"
арамызда жоқ емес пе? - бар әлбетте. Ұлттың рухани көзқарасы біркелкі емес әрі емес де еді.
"/Пайғамбар кезінде не болған/не болмағанды, сахабалар білген/білмегенді бізге 4 имам жеткізді/ сопылық сол 4 имамның ілімінен шықпайды, аспайды"
Сонда имам Бұхари, имам Муслим, Абу Жүсіп және жүздеген, мыңдаған ғұламалар кім болғаны?
Сопылық бұл ілімнен асып тасып бұрқырап кеткен, дәмі дінде татылмаған зат есім, сын есім, етістік және іс қимыл.
4 имамды сопы деп кім білді, кім таныды? сопы болса неге муршид болмасқа, неліктен сопылар сол ғұламалар арқылы Аллаһтан тілемеске. Расында Абу Ханифаның Накшбандиден, Бекет атадан, Арыстан бабтан қай жері кем?
http://musulmanin.com/?page_id=430 (қазақ тіліндегі Абу Ханифа сенімі)
"/арғынның Мейрамсопысын мен сопы болды дегенім емес, халықтың снасында сопылардың ұлылығы, даналығы тайға басқан таңбадай айқын басылғандығы деп келтіргенім/"
бауырым сопылықтың қай даналығымен қазағым көгеріп жүр? Қай даналығымен асқан белестерден өтіп ек?