AlexCSR 12 фев 2011, 02:49
Мое мнение, что через 10-20 лет в Казахстане к власти придут националисты (Ултшыл адамдар).
_______________________________________________________________
Ултшылдар - это был бы перегиб. Причем учитывая психологию людей, стравить народ, привести людей к печальным последствиям будет нетрудно, как два пальца обрызгать, стоя на краю унитаза...Ултжандар
было бы много лучше. Не milletciler, а yurtsevenler.
ҰЛТШЫЛҒА
Аһ ұрып "жұртым" дейсің, "елім" дейсің,
Қалғанын елдің артта өлім дейсің.
Халқыңа жайшылықта ақыл айтып
Жолында жан қиюға шегінбейсің.
Қарның тоқ, жұмысыңның жоқ кезінде,
Милләттің қызметіне ерінбейсің.
Басыңа қайғы келіп, сасса жұртың,
Неліктен маңайында көріңбейсің?
Көрсетіп жол-жобаны бастау түгіл
Табалап, ұрсып, зекіп жәбірлейсің.
Қабағың қатып, бір күн ашса қарның,
Бас салып сол милләтті өзің жейсің.
Дегенде "ал істейік ұлттың ісін"
Атыңның басын тартып кежімдейсің.
Әр істі аузың айтып, қолың қылмай,
Қай түрмен: "елді бастап" едім дейсің.
Өзіңнің қайда жүрсең қарныңды ойлап,
Ұялмай жұрттың қамын жедім дейсің.
Орныңа өз ақылың келе алмаса,
Дірілдеп қалшылдйсың, безілдейсің.
Әрқашан ақ жүрекпен жұртым десең,
Қалайша адал болып сезілмейсің?
Көңіліңе хақ махаббат иең салып,
Шын жылап милләтім, деп егілгейсің!